Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 154-НҚ бұйрығы
ҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, он төртінші, он бесінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, отыз үшінші абзацтарын, 2-тармақты, 3-тармақты, 5- тармақты, 6-тармағының жүз отызыншы, жүз отыз бірінші абзацтарын, 7-тармағының бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарын, 8-тармағының бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2026 жылғы 12 шілдеден бастап, Тізбеге 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 3 маусымдағы
№ 154-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1-тармағының бірінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді