«Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-51/2020 бұйрығы (күші жойылды)

«Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-51/2020 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 27 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

6-тармақтың екініші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдары меншік нысанына қарамастан жоспарланған жылдың алдындағы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ақпараттық жүйеде дәрілік заттарға бөлінген қаржыландыру шеңберінде түпкілікті өтінімді қалыптастырады және оған бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.»;

6-тармақтың төртінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.