Бәсекелестік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 тамыздағы № 6 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі - өтінішхат) «цифрлық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы құжаттарды электрондық түрде, оның ішінде DOCX және PDF форматында қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағына сәйкес жүгінеді.»;
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: