Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 83 бұйрығы
(2023.11.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. «Тұжырымдама, доктрина әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17139 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің