«Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 111 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңның 15-7-бабының 2-тармағына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында жаңа электр қуаттары құрылады және 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға беріледі;
2) жаңа құрылған электр қуаттарында электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газ пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады;
3) жаңа құрылған электр қуаттары қуатты автоматты түрде реттеуге қосылады және реттеу диапазоны белгіленген қуаттан кемінде жиырма пайыз болады.
4. Заңды тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші) тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін уәкілетті органға жаңа электр қуаттарын автоматты түрде реттеуге қосу талаптарын қамтитын, жүйелік оператордың алынған немесе онымен келісілген техникалық шарттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға өтініш береді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: