«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 546 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 546 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке (әскери жиынға), сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы қызметке жарамдылық санаты медициналық куәландырумен айқындалады. Медициналық куәландыру:

1) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына және әскери оқу орнына (бұдан әрі - ӘОО), сондай-ақ жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедраға (факультетке) оқуға түсетін азаматтарға;

2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға;

3) резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға;

4) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

5) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі - резервтегі әскери адам);

6) ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге;

7) ӘОО-да білім алатын азаматтарға (әскери қызметшілерге);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.