«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 359 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысы 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
функцияларында: