Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № А-4/147 Қаулысымен алып тасталды
Ақмола облысы әкімдігінің 2016.15.06. № А-7/289 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ А-11/530 қаулысымен
бекітілген
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.15.06. берілген өзгерістермен)
1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі - халықаралық сертификат) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11476 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) қарастырылған жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш білдірген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын жері мен күнін көрсете отырып «жеке кабинетіне» хабарлама жолданады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.