Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығы
(2016.28.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;