«Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 532 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 119 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 704 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бірлескен бұйрығы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 532 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 119 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9964 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: