Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 2780 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 9-тармағына және 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 05 маусымдағы № 2404 «Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-189 тіркелген, 2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 5 шілдеде «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған);