2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
235-бап. Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 236-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
236-бап. Жұбайларға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті беру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік некеге отыратын адамдардың әрқайсысына неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күні неке қиылған орын бойынша электрондық нысанда беріледі.
Жұбайлардың қалауы бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.
237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегін (неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі, атын, әкесінің атын (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
2) некенің қиылған (ерлі-зайыпты болған) күнін;
3) актінің жасалған күнін және нөмірін;
4) ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәліметтерді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орнын, тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
6) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің берілген күнін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің сериясы мен нөмірін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) құжат берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
28-тарау. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіздер болып табылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.
3. 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша:
1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 239-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 239-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу орны
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде - болатын жеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде жүргізіледі.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 240-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 240-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімді есептеу өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Бір айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, олар тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағы бір айлық мерзім тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариат куәландырған келісімі болғанда жүргізілуі мүмкін.
241-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
Осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне электрондық түрде келіп түседі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 238-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішке неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса, қоса берілуге тиіс.
Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы басқа адамдардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы мәлімдеме жасауына нотариатта куәландырылған сенімхат негізінде уәкілеттік бере алады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оларға, оның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 242-бап өзгертілді
242-бап. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
Белгіленген мерзімдерде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін кедергілер болып табылмайды.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 243-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
243-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейін тектерін сақтауы немесе өзгертуі
Некеге отыру (ерлі-зайыптылыққа тұру) кезінде өз тегін басқа текке өзгерткен жұбай, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі тегіне өзгерту туралы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште көрсетуге тиіс.
Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде тегін өзгерткен кезде азамат жеке басын куәландыратын құжаттарды бір айлық мерзімде ауыстыруға міндетті.
Тегі өзгертілген жеке басын куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде береді.
244-бап. Шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен (зайыбымен) некені (ерлі-зайыптылықты) оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуші органда бұзуға жол берілген жағдайда, неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде бұзылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып, жасалған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
4. Шетелдіктер арасында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып, жасалған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
245-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының мазмұны
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының тегі (неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, табыс көзі немесе жұмыс орны, некенің (ерлі-зайыптылықтың) саны туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының жасалған күні, нөмірі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу жүргізілген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға негіз болып табылатын құжат;
4) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күні;
5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
6) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) өтініш беруші туралы мәліметтер;
8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 246-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркелген орын бойынша электрондық нысанда береді.
Қалауы бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.
247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін (неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтерді;
3) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күнін;
4) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актінің жасалған күні мен нөмірін;
5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік берілген адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
29-тарау. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-тарау. АТЫН, ӘКЕСІНІҢ АТЫН, ТЕГІН АУЫСТЫРУ
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 257-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
257-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру үшін негіз
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:
1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерінде қалса немесе некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін жұбайы (зайыбы) тегін басқасына ауыстырса, жұбайымен (зайыбымен) ортақ текте болғысы келген жұбайының (зайыбының) тілегі;
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 258-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 258-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
258-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру орны
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде - құжаттарды кейіннен тіркеуші органға жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне беріледі.
259-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініште мынадай мәліметтер:
1) өтініш берушінің аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
2) таңдаған аты, әкесінің аты, тегі;
3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың себептері көрсетілуге тиіс.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 260-бап жаңа редакцияда
260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарау тәртібі
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
261-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 262-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
262-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тарту
Тіркеуші органның атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
263-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 264-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
264-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті акт жазбаларына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі.
Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті куәлік береді.
265-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
266-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
267-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-тарау. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 268-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
268-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
Денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған кезде қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне ғана енгізеді.
Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық жүйелер интеграцияланбаған жағдайда, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне де, денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне де енгізеді.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 269-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу орны
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 270-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
270-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болмаған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу мүдделі адамның өтініші бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжаттар беріле отырып жүргізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 271-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
271-бап. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеуді сот-медициналық сараптама ұйымының лауазымды адамының жазбаша өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Мәйіттері танылмаған адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу кезінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлікте қамтылған, мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі.
Егер қайтыс болған адам кейіннен танылған болса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және мәлімдеме жасаушының жазбаша өтінішінің негізінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қорытынды жасалмастан енгізіледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың мемлекеттік тіркелгені туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қызметіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша қайтыс болу туралы анықтама беріледі.
272-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны
Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, туған күні, айы, жылы мен туған жері, соңғы тұрғылықты жері, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, қайтыс болған күні мен орны;
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың негізінде қайтыс болу себебі;
3) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
4) қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған мәлімдеме жасаушының аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, тұрғылықты жері не органның, ұйымның атауы және заңды мекенжайы;
5) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 273-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 273-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану қажет болған жағдайда осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға олардың өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлікті береді.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабархаты бойынша беріледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болу туралы куәлігі барлық қажетті мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізілгеннен кейін ғана беріледі.
274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік
Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, жасын, қайтыс болған күні мен орнын;
2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күні мен нөмірін;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.