Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 23/37 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
жөніндегі агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпараты министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 23/37 Қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының
тізбесі
1. «Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: