«Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 212 Қаулысы

 «Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 212 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 жыл, № 71, 649-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 145-бабына сәйкес әзірленді және кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жасылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.