«Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 323 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жұмысын үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10972 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы аумағында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - ТЖК) аумақтық бөлімшелерінің жауапты аймағында өзара іс-қимыл жасайтын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің құрамына:
1) ТЖК аумақтық бөлімшелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы (бұдан әрі- БКДҚБ);
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығы, аумақтық органының кезекші бөлімі;
3) жергілікті атқарушы органның жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімшесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық авиация қызметінің диспетчерлік бөлімшесі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының кезекші қызметі;