қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, оның ішінде бөлінген бюджет қаражатын толық пайдалану кезінде бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені;
дивидендтер (таза кірістің бір бөлігі) төленгеннен кейін квазимемлекеттік сектор субъектісінің иелігінде қалған қаражаттың дивиденд саясатына сәйкес пайдаланылмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы:
азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын;
төлеуге берілетін шот ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
төлеуге берілетін шот пен растайтын құжаттарда көрсетілген деректемелердің және сомалардың анықтығын;
төлемдерді ақша алушылардың пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлар беруді, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді растаудың анықтығын;
тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың мемлекеттік қазынашылық органына ұсынылуын қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
14. Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің, бас мердігердің бірінші басшысы, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар:
төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің анықтығын;
төлемдерді ақша алушының пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
жасалған операциялардың анықтығын;
төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың мемлекеттік қазынашылық органдарына ұсынылуын қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
15. Мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттың қайтарылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттың қайтарылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
16. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы:
ішкі және сыртқы қарыздар мен борыш бойынша ақпараттың толықтығы және оның уәкілетті органдарға уақтылы ұсынылуы;
қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекет кепілдігімен берілген мемлекеттік емес қарыздың қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмегені не мемлекет кепілдігімен берілген мемлекеттік емес қарызды игеру мерзімінің ұзартылғаны;
мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыз бойынша қаражатты үнемдеу себебінен болған жағдайларды қоспағанда, қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың толық және (немесе) ішінара жойылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
17. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар экономикалық сараптаманың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
18. Бюджеттік кредит бойынша қарыз алушы мен түпкілікті қарыз алушы:
бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны;
бюджеттік кредитті өтемегені, уақтылы өтемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 19-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
20. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, бюджет қаражатын алатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың бірінші басшылары осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жарияланатын материалдардың, ақпарат пен құжаттардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
42-бап. Нәтижелерді басқару жөніндегі жалпы ережелер
1. Нәтижелерді басқару Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын жоспарлаудан, бюджеттерді жоспарлау мен атқарудан, шығыстарға шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері, мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау жүйесі қолданылатын есептілік жасаудан тұрады.
2. Нәтижелерді басқаруды мемлекеттік органдар, уәкілетті органдар бюджетті жоспарлау және атқару кезеңдерінде жүзеге асырады.
1. Шығыстарға шолу - бұл бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету және оларға басымдық беру сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында және бюджетте, сондай-ақ мемлекеттік органның салалық саясатында жоспарланатын немесе көзделген шығыстарды талдау.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шығыстарға шолу осы Кодексте көзделген жағдайларда және өзге де жағдайларда, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде тиісті бюджет комиссиясының, Қазақстан Республикасы Құрылтайының тұрақты комитетінің ұсынысы бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүргізіледі.
3. Шығыстарға шолу жүргізу кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
шығыстарға шолудың мақсаты мен тақырыбына сәйкестігі;
шығыстарға шолу жүргізудің негізгі өлшемшарттары (нәтижелері) нақты айқындалуға тиіс;
шығыстарға шолу көлемі (қамту) - құжаттардың, шығыстарды шолуға арналған шығыстардың түрлері айқындалуға тиіс;
шығыстарға шолу деңгейі - шығыстарға шолу үшін мемлекеттік басқару деңгейі және (немесе) деңгейлері, сала (ая) айқындалуға тиіс;
уақытпен шектелуі, кезеңділік.
шығыстарға шолу тақырыбы болған проблемалық мәселелерді шешу жолдары;
бюджет шығыстарының жүргізіліп жатқан салалық саясатқа сәйкестігі;
бюджеттің басымдығы төмен және тиімсіз шығыстарын оңтайландыру мүмкіндіктері (нұсқалары);
жүргізіліп жатқан саясаттың басымдықтарына байланысты бюджет қаражатын басқа немесе жаңа шығыстарға қайта бөлу мүмкіндіктері (нұсқалары) бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс.
шығыстарға стратегиялық шолу;
шығыстарға бюджеттік шолу;
шығыстарға инвестициялық шолу болып бөлінеді.
Шығыстарға стратегиялық шолу:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шынайылығы, орындылығы, өзектілігі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттердің үйлесімділігі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары арасында қайталанудың, фрагменттіліктің, қиылысудың және қайшылықтардың болуы (болмауы);
жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкестігі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары мақсаттарының және (немесе) нысаналы индикаторларының басымдығы мен шынайылығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
Шығыстарға бюджеттік шолу:
бюджет шығыстарының тиімділігі, негізділігі, нәтижелілігі және орындылығы;
шығыстарды ықтимал оңтайландыру және (немесе) қайта бөлу;
мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін бюджет қаражатының жеткіліксіз болуына байланысты сомалардың жинақталған айырмасын одан әрі жоспарлаудың қажеттілігі мен орындылығы тұрғысынан жүргізіледі.
Шығыстарға инвестициялық шолу басталған (жалғасатын) мемлекеттік инвестициялық жобаларды басым қаржыландыру қажеттілігі ескеріле отырып:
мемлекеттік инвестициялық жобалардың қымбаттау, толық қаржыландырылмау, аяқталмау себептерін анықтау және талдау;
мемлекеттік инвестициялық жобаларды мемлекеттік органның немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларымен байланыстыру;
мемлекеттік органның немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың қолданыстағы даму жоспары шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға әсер еткен факторларды анықтау;
мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау кезінде осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг және нәтижелерді бағалау қорытындыларын қолдану тұрғысынан жүргізіледі.
6. Шығыстарға шолу жүргізудің тақырыбы мен мақсаттарын негізге ала отырып, осы баптың 5-тармағында көрсетілген шығыстарға шолудың бір немесе бірнеше түрі қолданылады.
7. Шығыстарға шолуды оның мақсаты мен тақырыбына қарай мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Шығыстарға шолу, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға және егер осы шолу Қазақстан Республикасы Құрылтайының тұрақты комитетінің ұсынысы бойынша жүргізілген жағдайда, оған жіберіледі.
9. Шығыстарға шолу жүргізудің қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар:
әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылады;
осы Кодекске сәйкес бюджет процесінде қолданылады;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
10. Шығыстарға шолу жүргізу, мақсаттарды, тақырыптарды, объектілерді, өлшемшарттарды, көлемді (қамтуды), деңгейді, уақытпен шектелуін, кезеңділікті айқындау тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
44-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
1. Бюджеттік қатынастарда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдамалық қызметін сараптамалық-талдамалық іс-шаралар, сондай-ақ бюджетке алдын ала, ағымдағы және кейінгі бағалау жүргізу түрінде жүзеге асырады.
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Кодекстің 86, 87, 90, 91, 95, 96, 119 - 128, 153-баптарына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері осы Кодекстің мақсаттары үшін тиісті мемлекеттік органда:
бюджет процесінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіру үшін консультациялық көмекті жүзеге асырады;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ұсынымдарының орындалуын бақылайды, қабылданған шаралар туралы оларды хабардар етеді;
өкілді органдарда республикалық немесе жергілікті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат дайындайды.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Мониторинг
1. Мониторинг - бұл әкімшілік және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын және нәтижелерді бағалауға негіз болып табылатын, белгілі бір салада (аяда) ақпаратты жинау мен талдаудың тұрақты процесі.
2. Мониторингті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, тиісті саланың (аяның) уәкілетті органдары жүзеге асырады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мониторинг мынадай салаларда (аяларда) жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес оның құжаттарын мониторингтеу;
мемлекеттік қаржының жай-күйін мониторингтеу;
бюджетаралық қатынастар саласындағы мониторинг;
қазынашылық мониторинг;
бюджеттік мониторинг;
мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін мониторингтеу;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді мониторингтеуді қоса алғанда, мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;
бюджеттік кредиттер мониторингі;
байланысты гранттардың пайдаланылуын мониторингтеу;
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді мониторингтеу.
бюджетті жоспарлау процесінде қолданылады;
қоғамдық кеңестердің отырыстарында, Қазақстан Республикасының Құрылтайында және мәслихаттарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде талқыланады және республикалық бюджет туралы заң жобасымен және жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Құрылтайына және мәслихатқа ұсынылатын құжаттар мен материалдардың құрамына енгізіледі;
тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-бап. Нәтижелерді бағалау жүйесі
1. Нәтижелерді бағалауда мынадай бағалау түрлері:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін Орталық мемлекеттік органдар мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес мақсаттарға қол жеткізу бойынша операциялық бағалау;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау қамтылады.
2. Нәтижелерді бағалауда міндетті түрде мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау мен пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру және мемлекеттің ресурстарын тиімді бөлу жөніндегі ұсынымдар қамтылады.
3. Нәтижелерді бағалау қорытындылары:
бюджетті жоспарлау процесінде қолданылады;
қоғамдық кеңестердің отырыстарында, Қазақстан Республикасының Құрылтайында және мәслихаттарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде талқыланады және республикалық бюджет туралы заң жобасымен және жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Құрылтайына және мәслихатқа ұсынылатын құжаттар мен материалдардың құрамына енгізіледі;
тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
4. Бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар нәтижелерді бағалау қорытындыларын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға ұсынады.
3-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
47-бап. Мемлекеттік қаржыны басқару туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қаржыны басқарудың мақсаты бюджет саясатын айқындау және тәуекелдерді бағалау ескеріле отырып, оны іске асыру арқылы оның ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ұзақ мерзімді және орта мерзімді перспективада ішкі және (немесе) сыртқы экономикалық және (немесе) макроэкономикалық және басқа да факторлардың әсері салдарынан туындайтын, мемлекеттік қаржыны басқаруды қиындататын белгісіздік тәуекел болып табылады.
Бюджет саясатында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен бекітілетін, мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі пайымдауды, тәсілдер мен шараларды айқындайтын құжаттар әзірлеу және нысаналы бағдарлар қамтылады.
Мемлекеттік органдардың бюджет саясатын айқындау жөніндегі қызметін үйлестіруді бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қаржыны басқару мынадай құралдар:
1) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы;
2) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
3) бюджеттік қағидалар жүйесі;
4) бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп;
47-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп;
6) болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;
7) шоғырландырылған қаржылық есептілік;
8) мемлекеттік қаржы статистикасы туралы есеп пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерде:
республикалық, мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттердің параметрлері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары;
мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелері;
бюджеттік қағидалар мен нысаналы бағдарларды сақтау туралы ақпарат;
басқа да деректер қамтылады.
Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтер ашық болып табылады және осы Кодекстің 40-бабына сәйкес статистикалық ақпарат нысанында жыл сайын жариялануға жатады.
Мемлекеттік қаржының жай-күйін болжауды бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстанның ұзақ мерзімді даму болжамы және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтердің есеп-қисаптарын, осы Кодекстің 137-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген лимиттерді айқындауды, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілері тізбесінің өлшемшарттарын айқындауды және оларды қалыптастыруды әдіснамалық қамтамасыз етуді бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік қаржының жай-күйін мониторингтеуді және ол туралы мәліметтер қалыптастыруды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық салалық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
48-бап. Бюджеттік қағидалар жүйесі
1. Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік қағидалар мен нысаналы бағдарлардың жиынтығы бюджеттік қағидалар жүйесі болып табылады.
Бюджеттік қағида - республикалық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде қолданылатын, бюджет параметрлеріне қатысты олардың шекті мәндері (бюджеттік қағидалар бойынша шектер) нысанындағы шектеу.
Нысаналы бағдарлар - мемлекеттік қаржының шекті параметрлері және ұзақ мерзімді кезеңдегі бюджет саясатына қатысты өзге де шарттар.
2. Бюджеттік қағидалардың түрлері:
1) кепілдендірілген трансферт туралы қағида;
2) республикалық бюджет шығыстары туралы қағида болып бөлінеді.
Бюджеттік қағида кепілдендірілген трансферт туралы қағида болып табылады, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің көлемі кесімді баға кезінде мұнай секторының ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.
Кесімді баға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады.
Бюджеттік қағида республикалық бюджет шығыстары туралы қағида болып табылады, оған сәйкес қарыздарды өтеуді есепке алмағанда, республикалық бюджет шығыстарының (жоспарлы кезеңге арналған) өсу қарқыны инфляция бойынша нысаналы бағдарға ұлғайтылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейімен шектеледі.
Ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейі жоспарлы кезеңнің алдындағы он жылдағы нақты жалпы ішкі өнімнің орташа өсу мәні ретінде айқындалады.
Инфляция бойынша нысаналы бағдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
3. Нысаналы бағдарлар осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін құжатта айқындалады.
4. Бюджеттік қағидалар бойынша шектерді және нысаналы бағдарларды сақтау туралы ақпарат Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында көрсетіледі.
5. Бюджеттік қағидалар мен нысаналы бағдарлардан ауытқуға:
экономикалық өсудің болмауына және бюджет кірістерінің төмендеуіне, мемлекет міндеттемелерінің және бюджет кірістерімен жабылмайтын бюджет шығыстарының өсуіне алып келген дағдарыс жағдайларында;
Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайы ахуалында;
осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жол беріледі.
Қазақстан Республикасындағы дағдарыс жағдайларында және төтенше немесе соғыс жағдайларында бюджеттік қағидалардан және нысаналы бағдарлардан ауытқу болған жағдайда бюджеттік қағидалардың бастапқы шектеріне және нысаналы бағдарларға оралу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында түзетілетін көрсеткіштер көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп бекітетін іс-қимылдар жоспарын әзірлеу арқылы кейінгі үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
49-бап. Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелері
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелері болып табылады:
мемлекеттік борыш;
шартты борыштық міндеттемелер - мемлекет кепілдік берген борыш, экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме, мемлекет кепілгерлігі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер;
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелер.
Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелері мемлекеттік қаржыны басқару үшін талдамалық мақсаттарда шоғырландырылады және пайдаланылады.
2. Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін болжау және бағалау осы Кодекстің 137-бабына сәйкес жүзеге асырылады және осы Кодекстің 51-бабына сәйкес жасалатын Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына қолданылмайды.
50-бап. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы
1. Салық-бюджет саясатын қалыптастыру үшін экономикалық, макроэкономикалық көрсеткіштердің және мемлекеттік қаржының болжамды жай-күйін айқындайтын құжат Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы болып табылады және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде олардың қаржылық қамтамасыз етілуін айқындау кезінде қолданылады.