2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және ол мынадай құжаттардан тұрады:
1) жоспарланатын кезеңге арналған:
жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мемлекеттік саясаттың мазмұны мен негізгі бағыттары туралы ақпаратты;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізін;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер туралы мәліметтерді;
жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесін;
функцияларды, өкілеттіктерді, құзыреттерді іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемдерінің қысқаша сипаттамасын немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қамтитын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің паспорты;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары туралы жалпы мәліметтерді:
осы Кодекстің 74-бабының 5 және 10-тармақтарында белгіленген блоктар бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шығыстарының лимиттерін;
бюджеттік бағдарламалардың, нысаналы индикаторлардың және түпкілікті нәтижелердің жалпы санын;
көзделген бюджет қаражатымен өзара байланысын қамтитын бюджеттік бағдарламалардың паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
3) мемлекеттік органның бекітілген даму жоспары немесе даму жоспарының жобасы (мемлекеттік органдардың даму жоспарын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін);
4) бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспорты шығыстар лимиттері негізінде және шегінде әзірленеді және онда міндетті түрде мыналар қамтылады:
бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі), ағымдағы мәртебесі;
бюджеттік бағдарламаның мақсаты;
іске асырылуына бюджеттік бағдарлама бағытталған мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторлары немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары үшін);
мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды мен атауы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы;
бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, шығыстар көлемдері көрсетілген іс-шаралар.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын шығыстар қамтылатын бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары немесе іс-шаралар жоспарлары және осы Кодекстің 119-бабына сәйкес жүргізілетін бюджеттік мониторинг нәтижелері қоса беріледі.
Даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген мемлекеттік органның инвестициялық жоспары қоса беріледі.
4. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражаты шығыстарының бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
5. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар осы Кодекстің 73-бабына сәйкес бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) енгізіледі.
6. Бюджеттік бағдарламаларға есеп-қисаптар - шығыстар көлемдерін негіздеуге арналған құжаттар мен материалдар жиынтығы жасалады.
7. Есеп-қисаптар бюджеттік бағдарламалар паспорттарының түпкілікті нәтижелеріне және (немесе) мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге арналған шығыстарды бағыттау қажеттілігі ескеріле отырып жасалады.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасына есеп-қисаптар бюджеттік бағдар ламалардың әкімшісі функцияларының, өкілеттіктері мен құзыреттерінің іске асырылуын қамтамасыз етудің жеткіліктілігі ескеріле отырып жасалады.
Тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша есеп-қисаптар толық көлемде жасалады және тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша қолданыстағы лимиттер аяқталатын жылы ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарында, мыналарды:
тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша есеп-қисаптарды;
республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) сомамен салыстырғанда өзгермейтін есеп-қисаптарды қоспағанда, барлық шығыстар бойынша есеп-қисаптар жасалады және ұсынылады.
Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша есеп-қисаптар үшінші жылға ғана жасалады.
Есеп-қисаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры ескеріле отырып жасалады.
Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламада қосымша шығыстарды талап ететін немесе бюджет кірістерін қысқартуды талап ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік бағдарламамен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы ұсынылады.
8. Бюджеттік бағдарламаның паспортын әзірлеу кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының тиісті мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуге немесе функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыруға бағдарлануы қажет;
шығыстар көлемі мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу қажеттілігі немесе функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыру қажеттілігі ескеріле отырып көзделеді;
осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мониторингтеу нәтижелері қолданылады;
түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерін тұжырымдауда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттарына және (немесе) нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу дәрежесі немесе функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің іске асырылу дәрежесі сипатталуға тиіс;
түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерінде жоспарланатын шығыстар көлемдері пайдаланыла отырып, мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу дәрежесі айқындалуға тиіс;
мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының жоспарланатын шығыстар көлемінің және индикаторларының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларының (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) негізінде түпкілікті нәтижелердің шынайылығы ескеріледі;
іс-шараларда жоспарланатын шығыстардың барлық көлемі қамтылуға тиіс;
есеп-қисаптардың шынайылығы қамтамасыз етіледі.
9. Мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары үшін) нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген соманың айырмасы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзу болып табылмайды.
Нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептері бюджеттік бағдарламаның сипаттамасында жазылады.
10. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын ведомстволық бюджет комиссиясы осы баптың 1 - 8-тармақтары талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.
11. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған, ведомстволық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар бюджеттік сұранымына шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қойылады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымына шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қойылады және:
облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға;
ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.
12. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған, ведомстволық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар бюджеттік бағдарламасының паспортына шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қойылады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесін және түпкілікті нәтижелерді таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бар-жоғы тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар паспорттарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нәтижелеріне қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін баға лау қорытындылары ескеріле отырып, сондай-ақ даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың басымдығы көрсетіле отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар паспорттарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары ағымдағы қаржы жылының 5 шілдесінен кешіктірілмей, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 35-бабына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік органдардың даму жоспарларына және мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын, бюджеттің атқарылуын талдау, осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелерін, осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарға бюджеттік шолу қорытындыларын ескере отырып, мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын:
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына;
функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының бюджеттік бағдарламалар паспорттарының түпкілікті нәтижелеріне;
іс-шаралардың жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларының паспортын түпкілікті нәтижелерді таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың паспорт тарында көзделген түпкілікті нәтижелердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бар-жоғы тұрғысынан қарайды және бюджеттің атқарылуын талдау, осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелерін, осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарға бюджеттік шолу қорытындыларын, осы Кодекстің 37-бабына сәйкес жасалатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының өзін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесін және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің паспорттарына қорытынды қалыптастырады;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын:
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі;
функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкестігі;
түпкілікті нәтижелерді таңдаудың дұрыстығы;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бар-жоғы;
түпкілікті нәтижелердің шынайылығы мен қолжетімділігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының түпкілікті нәтижелерге сәйкестігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
15. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымдарын қарау кезінде осы баптың 1 - 8-тармақтарында көзделген талаптардың сақталуы ескеріледі, бюджеттік бағдарлама паспортының толықтығы және есеп-қисаптардың негізділігі тексеріледі.
16. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген сома айырмасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның қорытындысында шығыстардың, оның ішінде жоспарлы кезеңде бюджет қаражатын бөлу мүмкін болмайтын мемлекеттік инвестициялық жобалар шығыстарының тізбесі айқындалады.
17. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бюджеттік сұранымы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей, республикалық бюджет жобасына енгізеді.
Ревизиялық комиссиялардың бюджеттік сұранымы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей, жергілікті бюджет жобасына енгізеді.
18. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 16-тармағында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Егер Республикалық бюджет комиссиясы жекелеген шығыстарды жергілікті бюджетке беру туралы ұсыныс әзірлесе, жалпы сипаттағы трансферттер жоспарланған жылы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған шығыстар сомаларын көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде тиісті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады және оны жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдеріне қосу үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
19. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелер, оларға қол жеткізу дәрежелері және көзделген бюджет қаражатымен өзара байланысы туралы сандық мәліметтер қамтылатын тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастырады.
20. Бюджеттік сұраным республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес келтіріледі, оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы мен бюджеттік бағдарламаның басшысы қол қояды және жоспарланатын жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға енгізіледі.
21. Бюджеттік бағдарламаның басшысы - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін лауазымды адамы.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы:
бюджеттік бағдарламаның паспортын жасауды;
бюджеттік бағдарлама паспортының негізділігі мен толықтығын;
бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың анықтығын;
осы баптың 1 - 8-тармақтарында белгіленген талаптардың сақталуын;
бюджет қаражатының бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру процесіндегі іс-шараларға және түпкілікті нәтижелерге сәйкес тиімді пайдаланылуын;
бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
22. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
23. Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
15-тарау. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
76-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің аражігін нақты ажыратуға, түсімдер мен шығыстарды ашық бөлуге негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
республикалық бюджеттің аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттермен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен;
облыстық бюджеттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен;
осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бірімен-бірінің өзара қатынастарына жол берілмейді.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бірімен-бірінің өзара қатынасына:
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтінішхаты бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туындаған жағдайда;
әкімшілік-аумақтық бірліктер құрылған және (немесе) таратылған, олардың шекаралары белгіленген, оларға атау берілген және олардың атауы өзгертілген жағдайда жол беріледі.
Бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бірімен-бірінің өзара қатынасына:
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша;
Қазақстан Республикасының агломерацияларды дамыту туралы заңнамасына сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (аудандық маңызы бар қалалар) әкімдерінің өтінішхаты бойынша агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу кезінде жол беріледі.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджет процесіне;
облыстардың жергілікті атқарушы органдарының аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджеттерді атқару барысында қосымша алынған кірістерді жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейді.
77-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1. Бюджетаралық қатынастар бюджеттер деңгейлері арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
2. Бір бюджет деңгейінен екінші бюджет деңгейіне төленетін төлемдер бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер болып табылады.
Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, оның ішінде нысаналы және нысаналы емес трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері болып бөлінеді.
3. Бюджеттік кредиттер жергілікті бюджеттерге:
бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;
өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге;
қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығын жабуға беріледі.
4. Кірістерді бөлу нормативі - тиісті мәслихаттар белгілейтін бюджет кірістерінің түрлерін әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлудің пайыздық арақатынасы.
5. Жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жалпы сипаттағы нысаналы трансферттерді, ағымдағы нысаналы трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және бюджеттік кредиттерді тек олардың тиісті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында айқындалған нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.
6. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер түрінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мен толық пайдалану ерекшеліктері осы Кодекстің 115-бабында реттеледі.
78-бап. Бюджетаралық қатынастардың қағидаттары
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жоғары тұрған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі;
2) аражігін ажыратудың мынадай өлшемшарттарының сақталуы ескерілетін түсімдерді тиімді бөлу:
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекітіп беру кезінде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
салықтық база әркелкі орналастырылған салықтар неғұрлым жоғары деңгейдегі бюджеттерге бекітіліп беріледі;
тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді емес салықтар, нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар төмен тұрған бюджеттерге бекітіліп беріледі;
3) бірдей деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың мемлекет кепілдік берген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуын қамтамасыз ету.
79-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер және оларды жоспарлау туралы негізгі ережелер
1. Бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады.