Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.
«Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс:
кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған жалақының, зейнетақының ең төмен мөлшерлері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төмен күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерлері;
мемлекеттің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері;
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін арттыру мөлшерлері;
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда айқындалған, жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемдері;
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда айқындалған, республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемі;
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің мөлшері;
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;
экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;
үкіметтік борыштың лимиті;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;
мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиті және сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі;
жергілікті атқарушы органдар борыштарының лимиттері;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;
жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;
басқа да ережелер.
5. Республикалық бюджет туралы заң жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сынып тар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемдері;
3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;
4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
6. Республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) және мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшерлері ақшалай мәнде және жалпы ішкі өнімге пайызбен көрсетіледі.
7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заң жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.
Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қарайды.
87-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
87-баптың 2-тармағы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясына қарауға ұсынады.
3. Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.
Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
4. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешім жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс:
1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
2) облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемдері;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының лимиті;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;
5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешімнің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі;
2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;
3) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;
4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
6. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.
7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына қарауға ұсынады.
88-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
3. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.
Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.
4. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс:
1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бюджеттік алып қоюдың көлемдері;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;
5. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі;
2) жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге:
нысаналы емес және нысаналы мақсаты көрсетіле отырып нысаналы болып бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері;
дамуға арналған шығындар;
шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері;
3) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;
4) ауданның, қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
6. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.
7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына қарауға ұсынады.
89-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын жасайды және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына қарауға ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
3. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.
Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
4. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп әзірлейді және онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджеттер тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемдері;
5. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасына әрбір жергілікті бюджет бойынша:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа баста маларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі;
2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
3) басқа да деректер қоса беріледі.
6. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.
17-тарау. БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
90-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
2) бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті;
90-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті;
4) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомалары және мемлекет кепілдіктері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы деректерді;
5) жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз шарттарына сәйкес негізгі борышты өтеу және оған қызмет көрсету, сыйақылар, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемдері бойынша деректерді;
6) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша, тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректерді;
7) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;
8) үкіметтік сыртқы қарызды тарту үшін ықтимал мүмкіндіктерді айқындайтын, борыштық капиталдың халықаралық нарықтарының конъюнктурасын талдауды;
9) республикалық бюджет жобасында орындалуына бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы жиынтық ақпаратты;
10) мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
11) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамын;
13) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
14) шығыстарға шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
15) нәтижелерді бағалау қорытындысын;
16) Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы;
17) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
Түсіндірме жазбаға:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат та енгізіледі;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларын немесе даму жоспарларының жобаларын;
есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;
республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);
дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын;
мынадай:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу сипаттамасы;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторлардың және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің, оның ішінде нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар орындалуының және есепті екі қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасы, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражаты көлемінен ауытқуы (себептері, салдары) туралы мәліметтер;
алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, мемлекеттік органның даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органның инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың атауы және шығыстар сомалары көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылындағы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылуы туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің республикалық бюджетті бекітуі ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ оны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.