4. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп әзірлейді және онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджеттер тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемдері;
5. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасына әрбір жергілікті бюджет бойынша:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа баста маларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі;
2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
3) басқа да деректер қоса беріледі.
6. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.
17-тарау. БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
90-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
2) бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті;
90-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті;
4) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомалары және мемлекет кепілдіктері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы деректерді;
5) жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз шарттарына сәйкес негізгі борышты өтеу және оған қызмет көрсету, сыйақылар, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемдері бойынша деректерді;
6) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша, тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректерді;
7) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;
8) үкіметтік сыртқы қарызды тарту үшін ықтимал мүмкіндіктерді айқындайтын, борыштық капиталдың халықаралық нарықтарының конъюнктурасын талдауды;
9) республикалық бюджет жобасында орындалуына бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы жиынтық ақпаратты;
10) мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
11) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамын;
13) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
14) шығыстарға шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
15) нәтижелерді бағалау қорытындысын;
16) Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы;
17) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
Түсіндірме жазбаға:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат та енгізіледі;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларын немесе даму жоспарларының жобаларын;
есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;
республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);
дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын;
мынадай:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу сипаттамасы;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторлардың және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің, оның ішінде нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар орындалуының және есепті екі қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасы, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражаты көлемінен ауытқуы (себептері, салдары) туралы мәліметтер;
алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, мемлекеттік органның даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органның инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың инвестициялық жоспарында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың атауы және шығыстар сомалары көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылындағы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылуы туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Құрылтайының республикалық бюджетті бекітуі ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Құрылтайы республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ оны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
6. Республикалық бюджет туралы заң осы баптың 2-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін қосымшалармен, құжаттармен және материалдармен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығы қосымшаларымен бірге осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
91-бап. Жергілікті бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер
1. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа енгізеді.
2. Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының жобасын;
4) шығыстарға шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
5) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
6) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
7) кірістерді бөлу нормативтері жөніндегі ақпаратты;
8) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша жергілікті атқарушы орган борышының ағымдағы жай-күйі, жергілікті атқарушы органның борышын өтеу есебіне төленген ақша сомалары және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы мәліметтерді;
9) жергілікті атқарушы орган есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша тартқан қарыздар туралы деректерді;
10) қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;
11) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
Түсіндірме жазбаға:
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат енгізіледі;
12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;
жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);
мынадай:
есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мақсаттар мен жоспарланатын нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының, оның ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жоспарланатын бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген нысаналы индикаторлар мен жоспарланатын түпкілікті нәтижелердің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;
алдыңғы қаржы жылдарында бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.
3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін тиісті мәслихат Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың жекелеген шешімдерімен бекітуге жол беріледі.
4. Егер мәслихат осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы немесе шешім шығарады, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.
Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
6. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттар шешімдер қабылдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың бюджеттерін, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
7. Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қосымшаларымен бірге және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) қосымшаларымен бірге осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
92-бап. Өкілді органдардың республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын немесе облыстық мәслихат шешімінің жобасын бекітуі туралы жалпы ережелер
1. Бюджеттердің жобаларын қарау кезінде өкілді органдар мынадай қағидаттарды:
1) ұсыныстардың негізділігі қағидатын;
2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау қағидатын ұстанады.
Ұсыныстардың негізділігі қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар паспорттарында көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.
Бюджеттің теңгерімділігін сақтау қағидаты депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе әкімнің оң қорытындысы бар, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдеріне өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы депутаттардың ұсыныстары жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер ретінде жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасына немесе облыстық мәслихат шешімінің жобасына енгізіледі.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында республикалық бюджеттің жобасын талқылауда:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты жөніндегі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік қаржының жай-күйі, мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару және республикалық бюджет туралы заң жобасы жөніндегі;
Қазақстан Республикасының Құрылтайы уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы жөніндегі қорытындыларымен қоса баяндамалары қамтылады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтары мен тұрақты комитеттерінің отырыстарында республикалық бюджет жобасын талқылауда:
орталық мемлекеттік органдар басшыларының мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жоспарланған нысаналы индикаторлары және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелер туралы;
республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының жоспарланған нысаналы индикаторлары туралы;
республикалық бюджет жобасында заңды тұлғаларға берілетін трансферттер көзделген ұйымдар басшыларының даму жоспарларының, іс-шаралар жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының жоспарланған нысаналы индикаторлары туралы баяндамалары қамтылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын талқылауда:
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасы жөніндегі, оның ішінде жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемдері туралы;
Қазақстан Республикасының Құрылтайы уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы жөніндегі қорытындыларымен қоса баяндамалары қамтылады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтары мен тұрақты комитеттерінің отырыстарында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын талқылауда:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) жергілікті бюджет шығындарының көлемдері жөніндегі;
орталық мемлекеттік органдардың басшылары - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы шығындардың, оның ішінде күрделі шығындардың болжамды көлемдері және жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдеріндегі дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдері туралы баяндамалары қамтылады.
5. Тиісті мәслихат сессиясында жергілікті бюджет жобасын талқылауда:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджет жобасы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөніндегі;
мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджет жобасы жөніндегі қорытындысымен қоса баяндамалары қамтылады.
6. Облыстық мәслихат сессиясында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын талқылауда:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері жөніндегі;
мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасы жөніндегі қорытындысымен қоса баяндамалары қамтылады.
7. Тиісті мәслихат сессиясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын талқылауда:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобалары жөніндегі;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобалары жөніндегі қорытындысымен қоса баяндамалары қамтылады.
8. Тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында жергілікті бюджет жобасын талқылауда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басшыларының жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелері туралы баяндамалары қамтылады.
93-бап. Республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.