Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекіткеннен кейін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
Жергілікті бюджет туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларында (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімінде) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне - бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде, жергілікті атқарушы органдарға және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмалар көзделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің және Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің жалпы сомасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен резерв түрлері бойынша бөлу;
3) объектілер бөлінісіндегі бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі;
5) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және республикалық бюджет туралы заңда мемлекеттік тапсырмаларды орындауға бюджет қаражаты көзделген заңды тұлғалар көрсетілген, жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі;
6) айқындалуы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелген, республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына:
1) нысаналы трансферттер мен кредиттерді тиісінше аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне бөлу;
2) жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;
3) объектілер бөлінісіндегі инвестициялық жобаларды, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі;
5) айқындалуы жергілікті атқарушы органға жүктелген, жергілікті бюджет туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы шешіміне:
1) объектілер бөлінісіндегі инвестициялық жобаларды қоса алғанда, жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) айқындалуы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жүктелген, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.
3. Бюджетті бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулысына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағына сәйкес бюджет қаражатын келесі қаржы жылында толық пайдалануға рұқсат етілетін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі қоса беріледі.
4. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітіледі.
Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 94-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
94-бап. Бюджетті нақтылау туралы жалпы ережелер
1. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау - қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген (нақтыланған) көрсеткіштерін өзгерту процесі.
2. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылау:
1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған;
3) осы Кодекстің 99-бабының 7-тармағында, 116-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, әкімдердің, мәслихаттар депутаттарының және (немесе) жергілікті қоғамдастық жиналыстары мүшелерінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тиісті бюджет комиссиясының республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.
4. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау туралы заң жобасын әзірлеу кезінде осы Кодекстің 70-бабының 2, 3, 5 және 7-тармақтарында белгілен ген талаптар сақталады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
95-бап. Республикалық бюджетті нақтылау
1. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджет туралы заңға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының отырысынан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік сұранымдарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік сұранымдарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджет жобасы бойынша ұсынысы негізінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.
6. Республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жекелеген қосымшамен қалыптастырылған, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады.
«Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін ағымдағы қаржы жылына арналған түсімдердің көлемдері;
3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат қоса беріледі.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Құрылтайына мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамын;
2) нақтылаған республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
бюджеттік сұранымдарды;
мыналар:
бюджеттік бағдарламаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы, олардың мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қажеттілігі;
даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бюджеттік бағдарламалар паспорттарында көзделген мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың және жоспарланатын түпкілікті нәтижелердің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарының өзгерістері, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралар өзгерістерінің қысқаша сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.
96-бап. Жергілікті бюджетті нақтылау
1. Жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды:
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет үшін - тиісті бюджет комиссиясы;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті үшін - жергілікті қоғамдастық жиналысы, содан кейін тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
2. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджет пен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында бөлінетін түсімдер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісу бойынша жүргізіледі.
3. Жергілікті бюджеттерді нақтылау жоғары тұрған бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларына қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.
4. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, бюджет комиссиясының отырысынан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік сұранымдарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік сұранымдарды қарайды, олар бойынша қорытындыларды дайындайды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының бюджет комиссиясының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының бюджет комиссиясының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган нақтыланған жергілікті бюджеттің жобасын жасайды және оны астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының бюджет комиссиясының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының бюджет комиссиясының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының нақтыланған жергілікті бюджет жобасы жөніндегі ұсынысы негізінде он жұмыс күні ішінде жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасын жасайды және оны жергілікті атқарушы органға қарауға ұсынады.
8. Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жекелеген қосымшамен қалыптастырылған, ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады.
«Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі;
2) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;
3) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;
4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
9. Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасымен бір мезгілде мәслихатқа мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) нақтыланған жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
бюджеттік сұранымдарды;
мыналар:
бюджеттік бағдарламалар паспорттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы, олардың астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қажеттілігі;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бюджеттік бағдарламалар паспорттарында көзделген мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың және жоспарланатын түпкілікті нәтижелердің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарының өзгерістері, бюджеттік бағдарламалар паспорттарында көзделген іс-шаралар өзгерістерінің қысқаша сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.
19-тарау. СЕКВЕСТРЛЕУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ТҮЗЕТУ
97-бап. Секвестрлеу
1. Секвестрлеу бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнаулы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдердің республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.
2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, шығыстардың жылдық бекітілген (нақтыланған) көлемін он пайыздан аз сомаға секвестрлеу - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің) шешімімен, он пайыздан жоғары сомаға секвестрлеу республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестрлеу жүргізу туралы қаулысы негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджеттің түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің секвестрлеу жүргізу туралы шешімі негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджеттің түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.
4. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қысқарту кезінде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы, сондай-ақ осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің талабы ескеріледі.
Бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі.
5. Тиісті бюджет комиссиясының секвестрлеу туралы шешім қабылдауымен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленіп отырған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.
6. Секвестрлеу жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік сұранымдарды жасайды және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
7. Секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
98-бап. Бюджетті түзету
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту процесі бюджетті түзету болып табылады.
Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.
2. Республикалық бюджетті түзету:
1) орталық мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңда бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды), беруді білдіреді;
2) Республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, бюджет құрылымын өзгертпей, қаражат бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында және (немесе) бюджеттік бағдарламалар арасында ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он бес пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларда республикалық бюджетті түзету жүргізілгеннен кейін бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгерістері туралы ақпаратты бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Құрылтайына береді.
Қарыздар мен гранттарды пайдалануға бағытталған қаражатты қайта бөлуге жол берілмейді.
Осы тармақшаның бірінші абзацының бюджетті түзету кезінде қайта бөлінетін қаражат көлемін шектеу бөлігіндегі ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіне қолданылмайды;
3) бекітілген бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлінген;
4) осы Кодекстің 20-бабының 4 және 9-тармақтарында көзделген;
5) осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көзделген;
6) осы Кодекстің 115-бабының 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген;
7) осы Кодекстің 116-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген;
8) осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Жергілікті бюджетті түзету:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды), беруді білдіреді;
2) жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) бөлінген көлемдері өзгерген;
3) қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен қаражат бөлінген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламадан қаражат бөлінген;
4) жергілікті бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, бюджет құрылымын өзгертпей, жоғары тұрған бюджеттен берілетін қаражат есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында және (немесе) бюджеттік бағдарламалар арасында ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он бес пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.