салықтар бөлінісінде салық берешегінің көлемі туралы ақпарат;
салықтар бөлінісінде артық төлем көлемі туралы ақпарат қамтылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте:
бюджет қаражатымен және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланыста астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу;
жергілікті атқарушы орган резерві қаражатының пайдаланылуы;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;
агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы;
халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы;
бастапқыда бекітілген бюджет көрсеткіштерінің, бастапқыда жоспарланған түпкілікті нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың өзгеру себептерін көрсете отырып, есепті қаржы жылы ішінде жүргізілген жергілікті бюджетті нақтылаулар мен түзетулердің себептері мен көлемдері;
121-баптың 5-тармағы 3) тармақшасы үшінші бөлігінің сегізінші абзацы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
есепті қаржы жылында облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасын алдын ала бағалау қорытындылары бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясы ұсынымдарының орындалуы;
облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің алдыңғы қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясы ұсынымдарының орындалуы;
іс-шараларды, жобаларды және шығыстар сомаларын көрсете отырып, арнаулы түсімдердің пайдаланылуы;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған меморандумдарға сәйкес шығыстар көлемін көрсете отырып, іс-шаралар туралы, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жұмыстар мен көрсеткен қызметтер бойынша;
кірістерді бөлу нормативінің сақталуы;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат қамтылады;
4) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы есептерін;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жергілікті бюджетке дивидендтер (таза кіріс бөлігі) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есептерін;
7) түсіндірме жазбаны қамтиды.
Түсіндірме жазбада экономикалық жағдай және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 122-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
122-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей:
Қазақстан Республикасының Құрылтайына;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңның атқарылуына мемлекеттік аудит барысында кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады.
3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Құрылтайында есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Құрылтайына талқылау мен бекіту үшін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ұсынады, ол өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 123-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
123-бап. Қазақстан Республикасының Құрылтайында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Құрылтайы өз отырысында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының есебін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін талқылайды.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Құрылтайы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамдардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының орындалуы, мемлекеттік қаржының жай-күйі, оның ішінде мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасының Құрылтайы уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылары бар қосымша баяндамаларын тыңдайды.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауы кезінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының тұрақты комитеттері орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес берілген функцияларын жүзеге асыратын нарық субъектілерінің басшыларын берілген функцияларды іске асырудың тиімділігі тұрғысынан тыңдайды және (немесе) осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдайды.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Құрылтайының тұрақты комитеттері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде:
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы уәкілеттік берген адамның есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, оның ішінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсаттарына қол жеткізу және қағидаттарын іске асыру туралы баяндамасын;
сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган басшысының есепті қаржы жылында функцияларды, өкілеттіктерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы баяндамасын;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер жөніндегі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының осы Кодекстің 47-бабына сәйкес жүргізілетін сараптамалық-талдау қызметінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамаларын;
республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының өздерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы баяндамаларын;
ұйымдар басшыларының есепті қаржы жылында заңды тұлғаларға функцияларды, өкілеттіктерді іске асыруға берілетін трансферттердің пайдаланылуы туралы, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат шеңберінде дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары туралы баяндамаларын тыңдайды.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында бекітіледі.
124-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына есепті қаржы жылында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынады.
2. Облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
3. Облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес есепті қаржы жылында жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің орындалуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясына, ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешіктірмей облыстық мәслихатқа, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатына жыл сайын ұсынады.
125-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
1. Мәслихат астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарайды.
2. Мәслихат жылдық есепті қарау кезінде:
әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, ревизиялық комиссияның осы Кодекстің 44-бабына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамасын;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы және есепті қаржы жылында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясының функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, оның ішінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсатына қол жеткізу және қағидаттарын іске асыру туралы баяндамасын;
әкімнің не оны алмастыратын адамның астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын іске асыру туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамаларын;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын тыңдайды.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде депутаттардың ұсыныстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес берілген функцияларын жүзеге асыратын нарық субъектілерінің басшыларын берілген функцияларды іске асырудың тиімділігі тұрғысынан тыңдайды және (немесе) осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдайды.
3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін мәслихат сессиясында бекітіледі.
126-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдік «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдік есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге, құрамына тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілі кіретін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясына - ағымдағы жылғы 20 наурыздан кешіктірмей, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа ағымдағы жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жыл сайын ұсынады.
127-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты есепті жылдан кейінгі жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жергілікті қоғамдастық жиналысына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге облыстың ревизиялық комиссиясына - ағымдағы жылғы 10 наурыздан кешіктірмей, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа ағымдағы жылғы 20 наурыздан кешіктірмей ұсынады.
128-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат облыстың ревизиялық комиссиясының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарайды.
2. Мәслихат жылдық есепті қарау кезінде:
әкімнің не оны алмастыратын адамның аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы, ревизиялық комиссияның осы Кодекстің 44-бабына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамасын;
облыстың ревизиялық комиссиясы төрағасының немесе төрағасы уәкілеттік берген мүшесінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамаларын;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын тыңдайды.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес берілген функцияларын жүзеге асыратын нарық субъектілерінің басшыларын берілген функцияларды іске асырудың тиімділігі тұрғысынан тыңдайды және (немесе) осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдайды.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін мәслихат сессиясында бекітіледі.
6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІН, ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДЫ ҚОСПАҒАНДА, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІ
26-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІ
129-бап. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептіліктің мақсаты, қағидаттары және негізгі сапалық сипаттамалары
1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі тұлғаларды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
2. Есепке жазу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау қағидаттары болып табылады.
Есепке жазу қағидаты операциялардың нәтижелерін төлем жасау уақытына қарамастан, жасалу фактісі бойынша тану арқылы қамтамасыз етіледі.
Қызметтің үздіксіздігі қағидаты мемлекеттік мекеменің келешекте жұмыс істеуге ниеті бар екенін, оны таратудың немесе қызмет ауқымын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік болса, онда қаржылық есептілік арнаулы қағидалар бойынша жасалады.
3. Түсініктілігі, орындылығы, ұсынудың анық болуы, салыстырмалылығы, уақтылылығы және тексерілетіндігі қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары болып табылады.
130-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі
1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген, мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың ретке келтірілген жүйесін білдіреді.
2. Есепке алу саясаты қаржылық есептілікті жасау және ұсыну кезінде мемлекеттік мекемелер қолданатын, барлық мемлекеттік мекеме үшін бірыңғай болып табылатын қағидаттарды, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.
3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары мен бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде шоттардың бірыңғай жоспары қалыптастырылады.
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелерде есепке алу саясатын, шоттар жоспарын, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, мемлекеттік мекемелерде түгендеуді жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын белгілейді.
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша, қажет болған жағдайларда, мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығара алады, бұл ретте олардың қызметінің өзіндік ерекшелігі ескеріледі және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібі сақталады.
6. Бухгалтерлік есепке алуды дұрыс жүргізу және қаржылық есептілік жасау мақсатында:
1) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың;
130-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдары міндетті сертификатталуға жатады.
7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
131-бап. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі
1. Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.
2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі мыналарды:
2) қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепті;
3) таза активтердің (капиталдың) өзгерістері туралы есепті;
4) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті;
5) түсіндірме жазбаны қамтиды.
3. Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделген берешегінің жай-күйін мониторингтеу үшін қаржылық есептілік құрамына берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік қосылады, ол мынадай есеп түрлерінен тұрады:
дебиторлық берешек туралы есеп;
кредиторлық берешек туралы есеп;
ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп.