Осы баптың 2-тармағы бұзыла отырып жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді сот мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
9. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілері мен заңды тұлғалар жыл сайын мемлекеттік тапсырманың орындалу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын оның орындалуы туралы есептілікті қалыптастырады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынады.
10. Мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі және осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
11. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік тапсырманы орындау және мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманың орындалу барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
12. Осы Кодекстің 41-бабына сәйкес мемлекеттік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылық республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және заңды тұлғалардың бірінші басшыларына жүктеледі.
17-бап. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобалардың ерекшеліктері
1. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жоба - бұл Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен оны іске асыру бойынша ұсынылатын шешімнің шынайылығын, уақыт шығындарын, шығыстарының көлемдерін, кемшіліктерін және әсерін анықтау мақсатында шектеулі ауқымда өткізілетін уақытша жоба.
2. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жоба мынадай өлшемшарттарға сай келуге тиіс:
оны іске асыру үшін ұсынылатын шешім бірегей (инновациялық, жоғары технологиялық) болуға тиіс;
нақты мақсаттары мен күтілетін нәтижелерінің болуы;
уақытпен шектелген болуы;
аяқталған сипатының болуы;
оң экономикалық (әлеуметтік) әсерінің болуы;
шынайы болуы.
3. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыруды (енгізуді) және (немесе) оны басқаруды квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыруы мүмкін.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) және (немесе) оны басқару жөніндегі өкілеттіктері, тетіктері, жұмыс істеуі және қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыруға (енгізуге) және (немесе) оны басқаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) тәртібі мен мерзімдерін тиісті орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны дербес, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісіне беру арқылы іске асыратын мемлекеттік орган оның іске асырылуын, оның ішінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан талдауды және бағалауды жүзеге асырады, осыны ескере отырып, оның қорытындысы туралы ақпаратты және оны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
18-бап. Резервтер туралы жалпы ережелер
1. Резервтер республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде олардың күтілмегендігіне байланысты жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында құрылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бюджет қаражатын бөлу қаржы жылы аяқталғаннан кейін күші жойылатын тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын келесі қаржы жылында толық пайдалануға жол берілмейді.
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв
1. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв трансферттер түсімдерін есепке алмағанда, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарланатын көлемінің кемінде бір жарым пайызы мөлшерінде және үш пайызынан аспайтын мөлшерде жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджет құрамында қалыптастырылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінеді.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын іске асыруға байланысты, ағымдағы қаржы жылында күтпеген және кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыруға бағытталады.
4. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қаржы жылы аяқталғаннан кейін күші жойылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады.
20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінде:
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв;
3) шұғыл шығындарға арналған резерв;
4) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;
5) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв қамтылады.
2. Жергілікті атқарушы органның резервінде:
2) шұғыл шығындарға арналған резерв;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;
4) тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв қамтылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы көлемі трансферттер түсімдерін есепке алмағанда, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарланатын көлемінің үш пайызына дейінгі мөлшерде республикалық бюджет құрамында қалыптастырылады.
Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі трансферттерді, қарыздарды және жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюларды есепке алмағанда, тиісті жергілікті өкілді органның шешімімен тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің кемінде екі пайызы көлемінде белгіленеді.
4. Резерв түрлерінің біріне көзделген бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган тиісті бюджетті түзету арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің жалпы көлемдерін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсатын ұлғайтады.
5. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін пайдаланылады.
Тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүмкін.
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланатын адамдар орналасқан жерлерде адамдардың өмірін сақтауға және денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
7. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтпеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін.
Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылатын шығыстарды шұғыл шығындарға арналған резервтен қаржыландыруға жол берілмейді.
8. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.
9. Қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кезекті қаржы жылында өз бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер беруге пайдаланылады.
Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда төмен тұрған бюджеттің жергілікті атқарушы органының және (немесе) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қарыз алуы бюджетті түзету арқылы қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен төмен тұрған бюджетке бюджет қаражатын бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
21-бап. Резервтердің пайдаланылуы туралы есептілік
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, қаржы жылының қорытындысы бойынша резервтердің пайдаланылуы туралы есептерді қалыптастырады.
2. Резервтердің пайдаланылуы туралы есептер тиісті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген қаражатты бөлу себептерін, қол жеткізілген түпкілікті нәтижелерді көрсете отырып, олардың түрлері бойынша қалыптастырылады және тиісті шығындарға бюджетте баламалы көздердің жоқ екендігі және бюджетті әзірлеу кезінде оларды жоспарлаудың мүмкін еместігінің себептері туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
3. Резервтердің пайдаланылуы туралы есептілік осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
4. Резервтердің пайдаланылуы туралы ақпарат тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке енгізіледі.
5. Резервтердің пайдаланылуы туралы есептерді қалыптастыру және оларды жариялау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
6-тарау. БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІ
БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА БӨЛУ
22-бап. Түсімдерді бөлу туралы жалпы ережелер
1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер арасында бөлу осы Кодекстің 78-бабында айқындалған бюджетаралық қатынастар қағидаттарына негізделеді.
2. Осы Кодекстен басқа Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде түсімдер есепке жатқызылуға тиісті бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді.
Түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ғана жүзеге асырылады.
3. Түсімдерді республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер, салықтық емес төлемдердің есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арасында бөлу осы Кодекстің 107-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
1. Мыналар республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы;
2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
4) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;
5) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
6) кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықтарды және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
7) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;
8) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
9) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
10) теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;
11) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
12) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым;
13) көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия бергені үшін лицензиялық алым;
14) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым;
15) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
16) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар;
17) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға байланысты төленетін арнаулы, демпингке қарсы, өтемақы баждары;
18) осы тармақтың 15), 16) және 17) тармақшаларында санамаланған алдағы төлемдерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы мен акциздерді төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер;
20) осы Кодекстің 58-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мұнай секторының ұйымдарынан салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша түсетін салықтық түсімдер.
2. Мыналар республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері;
республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер;
республикалық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлестеріне төленетін кірістер;
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
республикалық бюджеттің уақытша бос қаражатын қаржы құралдарына орналастырудан алынған және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын қаржы құралдарына орналастыруынан алынған сыйақылар;
республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
республикалық меншіктен түсетін өзге де кірістер;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар;
5) мұнай секторының ұйымдарынан және салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
3. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
4. Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аударымдары республикалық бюджетке түсетін арнаулы түсімдер болып табылады.
5. Мыналар республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады:
1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт;
4) Арнаулы мемлекеттік қордан түсетін трансферт.
6. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, үкіметтік қарыздарды өтеуден түсетін түсімдер республикалық бюджетке есепке жатқызылады.
24-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер
1. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) республикалық бюджетке есепке жазылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
4) жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
7) 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра қайнату өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы жасалған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмір сутектер қоспасына және экологиялық отынға акциздер;
9) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
10) - 12) 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
14) цифрлық майнинг үшін төлемақы;
15) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
16) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
18) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым;
19) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
20) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым;
21) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
22) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
23) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
24) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;
25) жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
26) консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баж;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
27) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жалға беруден түсетін кірістер;
уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналастырудан алынған сыйақылар;
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін өзге де кірістер;
2) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) мұнай секторының ұйымдарынан және салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
5) жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар;
6) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
3. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруден түсетін түсімдер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
4) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.
4. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін арнаулы түсімдер болып табылады:
1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруға аударымдары;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызылуға тиісті, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдар;
5) жер қойнауын пайдаланушылардан және мұнай секторының ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қою бойынша алынған қаражат, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес салынатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызылуға тиісті қоршаған ортаны қорғау саласындағы айыппұлдар.
5. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.