аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес авариялық тұрғын үйді бұзу;
бас жоспарды әзірлеу;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын ғимараттардың сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шаралар;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, дренаж жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру, реконструкциялау және жөндеу;
елді мекендерді абаттандыруды, көгалдандыруды, жарық тандыруды және олардың санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) өнеркәсіп, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
10) көлік және коммуникациялар:
аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
теміржол қатынастарын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
11) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік міндеттемелерді орындау:
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті облыс мәслихаты қабылдаған мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
облыстық бюджетке түсетін трансферттер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін трансферттер.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
3. Облыстық маңызы бар қала бюджетінің құрамында облыстық маңызы бар қаладағы ауданның мынадай бағыттар бойынша шығыстары көзделеді:
1) облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
5) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
6) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;
7) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
8) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
9) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
10) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
11) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімінің өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, функциялары, құзыреттері мен өкілеттіктері.
34-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің шығыстары
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
6) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
8) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
9) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
10) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау;
11) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау;
12) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
13) жергілікті деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
14) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
15) ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;
16) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызметті ұйымдастыру;
17) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жайылымдарды сақтау және жақсарту, жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
18) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке берілетін трансферттер;
19) жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, құзыреттері мен өкілеттіктеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БЮДЖЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
8-тарау. ОСЫ КОДЕКСТІҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ
35-бап. Бюджет процесінде қолданылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы бір деңгей жоғары тұрған құжаттардан туындайтын, ал бір деңгей жоғары тұрған құжаттарды мониторингтеу мен бағалау төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру туралы анық ақпарат негізінде жүзеге асырылатын тұтас жүйені білдіреді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамына негізделеді.
2. Бюджет процесінде мыналар қолданылады:
мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарлары;
республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары.
3. Ағымдағы қаржы жылы ішінде туындайтын, республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден қосымша шығыстарды талап ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген жаңа бастамаларға және өзге де қосымша іс-шараларға арналған шығыстар даму жоспарын әзірлейтін мемлекеттік органның даму жоспарына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шаралар жоспарларына енгізілгеннен кейін бюджетте жоспарланады.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, мемлекеттік орган - республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Кодексте көзделген рәсімдерді ескере отырып, тиісінше мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының жобаларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын және (немесе) іс-шаралар жоспарларының жобаларын қарауды қамтамасыз етеді.
36-бап. Мемлекеттік органның даму жоспары және оны қарау тәртібі
1. Мемлекеттік органның даму жоспары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы ұсынылуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыруға бағытталған орта мерзімді кезеңдегі орталық мемлекеттік органның қызметін, функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді айқындайтын құжат болып табылады.
2. Даму жоспарларын әзірлемейтін орталық мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Мемлекеттік органның даму жоспары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әрбір үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді және бекітіледі.
4. Мемлекеттік органның даму жоспарына мыналар енгізіледі:
1) нысаналы индикаторлар, оларға қол жеткізуді мемлекеттік орган қамтамасыз етеді және оның қызметіне және бюджет қаражатына байланысты болады;
2) нысаналы индикаторлар, оларға қол жеткізуді бірнеше мемлекеттік орган, өңір және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде қамтамасыз етеді және бюджет қаражатына байланысты болады;
3) макроиндикаторлар, оларға қол жеткізу ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде бірнеше мемлекеттік органның, өңірдің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіне байланысты болады және бюджет қаражатына байланысты емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нысаналы индикаторлар даму жоспарында жекелеген қосымшалар түрінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде әзірленген инвестициялық жоспарлар қоса беріледі.
Мемлекеттік органның инвестициялық жоспары осы Кодекстің 148-бабына сәйкес әзірленеді және қолданылады.
6. Даму жоспарын бекіту үшін мемлекеттік орган ведомстволық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар даму жоспарының жобасын мемлекеттік органның қолданыстағы даму жоспары аяқталатын жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарауға енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 46-бабына сәйкес жүзеге асырылатын нәтижелерді бағалау қорытындыларын ескере отырып, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарды стратегиялық шолу қорытындылары негізінде мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың басымдығы көрсетіле отырып қалыптастырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ағымдағы қаржы жылының 1 мамырынан кешіктірілмей жіберіледі.
Мемлекеттік органның пысықталған даму жоспарының жобасын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Кодекстің 75-бабының 12-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның паспортымен бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін енгізеді.
2025 қаржы жылында республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау, түзету және атқару 36-бабы 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылмай жүзеге асырылады
7. Мемлекеттік органның даму жоспарының жобасын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік органның қолданыстағы даму жоспары аяқталатын жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мақсаттар мен нысаналы индикаторлар, олардың декомпозициясы туралы жиынтық сандық мәліметтерді қамтитын мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты өзі айқындаған тәртіппен қалыптастырады және осы Кодекстің 90-бабында көзделген құжаттар мен материалдардың құрамына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
9. Мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
1) республикалық бюджет туралы заңдарды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не қолданыстағыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құжаттары қабылданған не қолданыстағыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған жағдайларда жол беріледі.
10. Мемлекеттік органдар даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді дайындайды, оларды шоғырландыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу, олардың декомпозициясы туралы жиынтық сандық мәліметтерді қамтитын барлық орталық мемлекеттік органның даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есепті өзі айқындаған тәртіппен қалыптастырады және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке енгізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
12. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер негізінде осы Кодекстің 46-бабына сәйкес оларды бағалау жүзеге асырылады.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізетін бағалау «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлеу, келісу, бекіту, жариялау және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қалыптастыру және мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
14. Мемлекеттік органның даму жоспары және оның іске асырылуы туралы есеп, мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есеп осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
15. Даму жоспарын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
37-бап. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары және оны қарау тәртібі
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде тиісті астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігі ескеріле отырып, олардың дамуын айқындайтын құжат болып табылады.
2. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарына жергілікті бюджет кірісіне енгізілмеген түсімдер көлемі мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға аудару жөніндегі, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жұмыстар мен көрсеткен қызметтер бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған меморандумдарға сәйкес шығыстар көрсетілген іс-шаралар туралы ақпарат енгізіледі.
3. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарынан декомпозицияланады.
4. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарына мыналар енгізіледі:
1) нысаналы индикаторлар, оларға қол жеткізуді жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді және оның қызметіне және бюджет қаражатына байланысты болады;
2) нысаналы индикаторлар, оларға қол жеткізуді бірнеше өңір және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілері ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде қамтамасыз етеді және бюджет қаражатына байланысты болады;
3) макроиндикаторлар, оларға қол жеткізу бірнеше өңірдің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіне байланысты болады және бюджет қаражатына байланысты емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нысаналы индикаторлар даму жоспарында жекелеген қосымшалар түрінде көрсетіледі.
5. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде әзірленген инвестициялық жоспарлар қоса беріледі.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың инвестициялық жоспары осы Кодекстің 148-бабына сәйкес әзірленеді және қолданылады.
6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ең төмен стандарттарды, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін міндетті түрде қолдану арқылы әрбір үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірлейді, оларды орталық салалық мемлекеттік органдар, өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган келіседі және тиісті мәслихат бекітеді.
7. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын келісу үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы орталық салалық мемлекеттік органдармен келісілген даму жоспарының жобасын мемлекеттік органның қолданыстағы даму жоспары аяқталатын жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға қарауға енгізеді.
Өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының жобаларын олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын қараудың қорытындысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аста наның даму жоспарының жобасы келіп түскеннен кейін бір ай ішінде қорытынды қалыптастырады және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жібереді.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын, осы Кодекстің 46-бабына сәйкес жүзеге асырылатын нәтижелерді бағалау тұжырымдарын, осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарды стратегиялық шолу тұжырымдарын ескере отырып, тиісті мәслихатқа осы Кодекстің 91-бабының 2-тармағында айқындалған құжаттар мен материалдардың құрамында енгізу үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастырады.
8. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының жобасы қолданыстағы даму жоспары аяқталатын жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
9. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарына:
1) республикалық бюджет туралы заңдарды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не қолданыстағыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құжаттары қабылданған не қолданыстағыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы және (немесе) әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерген;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын іске асыру қажеттілігі болған жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
10. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының іске асырылу мониторингін тиісінше астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарына қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар беретін іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асырылуы туралы есептерді қалыптастыру арқылы тиісті аумақтың бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып жүргізеді.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының іске асырылу мониторингі жыл қорытындысы бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады және облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдігінің интернет-ресурсында есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін орналастырылады.
11. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тәртіппен даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді дайындайды және шоғырландыру үшін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
12. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер негізінде осы Кодекстің 46-бабына сәйкес оларды бағалау жүзеге асырылады.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізетін бағалау «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қалыптастыру және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
14. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары, оның іске асырылуы туралы есеп және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есеп осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
15. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі және тиісті жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
38-бап. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары және оларды қарау тәртібі
1. Бюджет процесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін, республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квази мемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары қатысады.