2. Республикалық бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының жобалары осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарды стратегиялық шолу қорытындылары негізінде әзірленеді, мемлекеттік орган - республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен келісіледі және осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 16) тармақшасында айқындалған құжаттар құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізіледі.
3. Жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарлары немесе даму жоспарлары мемлекеттік орган - жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен келісіледі және осы Кодекстің 91-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында айқындалған құжаттар құрамында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға енгізіледі.
4. Әрбір қаржы жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есеп және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуын бағалау қалыптастырылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуын мониторингтеу және олардың іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізетін бағалау «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квази мемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының, даму жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының орындалуы жөніндегі есептілік тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі және осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
7. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын немесе даму жоспарларын, дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын әзірлеу, келісу және бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, есептілік жасау тәртібі және олардың түрлері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын мониторингтеу және бағалау нәтижелері осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
9. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дербес білім беру ұйымдарының бірінші басшылары осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
9-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ТРАНСПАРЕНТТІЛІК
39-бап. Есеп беру және транспаренттілік туралы жалпы ережелер
1. Уәкілетті органдардың есеп беруі бюджет саясаты саласында қабылданатын шешімдер және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауаптылықты білдіреді.
2. Бюджет процесіне қатысушылардың есеп беруі бюджеттік қатынастарда қабылданатын әкімшілік және басқарушылық шешімдердің айқындығын және олар үшін жауаптылықты қамтамасыз етуге арналған құралдар жиынтығы арқылы іске асырылады.
3. Бюджет жүйесінің транспаренттілігі бюджет туралы ақпараттың жұртшылық үшін, оның ішінде азаматтық бюджетті жариялау үшін айқындығы мен ашықтығын білдіреді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жұртшылық үшін қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады.
Азаматтық бюджетті республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде және оларды атқару процесінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, алынған бюджет қаражаты бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері қалыптастырады.
Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
4. Уәкілетті органдардың есеп беруі осы Кодекске сәйкес бюджеттік құжаттаманы әзірлеу және жариялау арқылы жүзеге асырылады.
5. Азаматтардың бюджет процесіне қатысуы осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес халық қатысатын бюджетті іске асыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
6. Бюджет процесіне қатысушылардың есеп беруі мыналарды қамтиды:
осы Кодекске сәйкес республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттар шешімдерінің жобаларын әзірлеу кезінде және бюджеттердің атқарылуының қорытындысы бойынша өкілді органдарда мемлекеттік органдардың өкілдерін тыңдау;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес құжаттарды жариялау және талқылау;
осы Кодекстің 41-бабына сәйкес бюджет процесіне қатысушылардың жауаптылығы.
40-бап. Бюджет процесінің құжаттарын жариялау және талқылау
1. Бюджет процесінің материалдары, ақпараты мен құжаттары осы бапта аталған қатысушылардың өз ресми интернет-ресурстарында, оның ішінде міндетті түрде ашық бюджеттердің интернет-порталында Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу, мемлекеттік құпиялар туралы, әкімшілік рәсімдер, қоғамдық кеңестер, ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, жариялауына жатады.
2. Бюджет процесінің құжаттарын талқылау осы Кодекске, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес өкілді органдарда, қоғамдық кеңестерде, жергілікті қоғамдастықтың жиналысында, ашық бюджеттердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
3. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган:
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті;
40-баптың 3-тармағының бесінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті;
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын;
қаржы жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы жиынтық есепті және мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың жүргізілген экономикалық сараптамаларының нәтижелері бойынша ақпаратты;
байланысты гранттардың пайдаланылуы туралы жиынтық есепті және байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді.
4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
республикалық бюджет туралы заңның жобасын қосымшаларымен бірге;
республикалық бюджет туралы заңды қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығын қосымшаларымен бірге;
азаматтық бюджетті;
шығыстарға шолу жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды жариялауды қамтамасыз етеді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
шығыстарға шолу жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есепті жариялауды қамтамасыз етеді.
6. Өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есепті жариялауды қамтамасыз етеді.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді;
азаматтық бюджетті;
шоғырландырылған, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ай сайынғы есепті;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері және аудит жүргізу нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікті;
мемлекеттік борыштың, квазимемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың ағымдағы жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік кепілдіктер және экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер, мемлекеттің кепілдіктері мен экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері бойынша төленген ақша сомасы туралы статистикалық ақпарат нысанындағы мәліметтерді;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді;
мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің жай-күйін жыл сайынғы бағалауды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті;
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді жариялауды қамтамасыз етеді.
8. Қазынашылық мониторингтің нәтижелерін жариялауды мемлекеттік қазынашылық қамтамасыз етеді.
9. Облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі:
әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың инвестициялық жоспарын;
шығыстарға шолу жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті жариялауды қамтамасыз етеді.
10. Облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі, аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдік, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
осы Кодекстің 87 және 88-баптарының 5-тармағында, 91-бабының 2-тармағында көрсетілген қосымшаларымен, құжаттарымен және материалдармен бірге жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын;
жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін қосымшаларымен бірге, жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысын (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімін) қосымшаларымен бірге;
шығыстарға шолу жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды; азаматтық бюджетті;
облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы ай сайынғы есепті;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті;
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы мәслихат шешімінің жобасын жариялауды қамтамасыз етеді.
11. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
азаматтық бюджетті;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жариялауды қамтамасыз етеді.
мемлекеттік органның даму жоспарын;
мемлекеттік органның инвестициялық жоспарын;
республикалық немесе жергілікті бюджеттен бюджет қаражаты бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы бойынша есептілікті, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау нәтижелерін;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу бойынша есептерді;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді;
шығыстарға шолу жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы жариялауды қамтамасыз етеді.
14. Квазимемлекеттік сектор субъектісі:
алынған бюджет қаражаты бойынша азаматтық бюджетті;
іс-шаралар жоспарларын немесе даму жоспарларын және олардың іске асырылуы туралы есептерді;
іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуын мониторингтеу және бағалау нәтижелерін;
квазимемлекеттік сектор субъектісі борышының жай-күйі туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
15. Дербес білім беру ұйымдары дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын және олардың іске асырылуы туралы есептерді жариялауды қамтамасыз етеді.
16. Республикалық бюджеттен трансферттер немесе мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын алатын заңды тұлғалар немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері, тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық бюджеттен алынған трансферттердің пайдаланылуы немесе мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есептерді жариялауды қамтамасыз етеді.
17. Бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар нәтижелерді бағалау қорытындысын жариялауды қамтамасыз етеді.
18. Осы Кодекске сәйкес мониторингті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, тиісті саланың (аяның) уәкілетті органдары және өзге де заңды тұлғалар мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді.
19. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, мемлекеттік қазынашылық осы Кодекстің 133 және 134-баптарына сәйкес жасалатын жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялауды қамтамасыз етеді.
41-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін бюджет процесіне қатысушылардың жауаптылығы
1. Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттердің олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмағаны;
бюджеттік сұранымды және бюджеттік бағдарламаның паспортын тиісті уәкілетті органдарға, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы уақтылы ұсынылуы;
Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сай жұмсалмағаны;
мынадан:
бекітілген заттай нормалардан асып кетуден;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (инвестициялық ұсыныстың, техникалық-экономикалық негіздеменің, қаржылық-экономикалық негіздеменің, жобалау-сметалық құжаттаманың) және (немесе) олар бойынша тиісті органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының, сараптамаларының) болмауынан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің балансында есепте тұрмаған объектілерді күтіп-ұстауға бюджет қаражатын жұмсаудан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілмеген объектілерді күтіп-ұстауға бюджет қаражатын жұмсаудан;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудан экономикалық тиімділіктің болмауынан көрінген, бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және (немесе) тиімсіз пайдаланылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Бюджеттік бағдарламаның басшысы:
бюджеттік бағдарлама паспортының жасалуы, бюджеттік бағдарлама паспортының негізділігі мен толықтығы, бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың анықтығы үшін, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы, осы Кодекстің 148-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік инвестициялық жобалардың енгізілгені;
осы Кодекстің 75-бабының 8-тармағында белгіленген талаптардың сақталуы;
бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалғаны;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының және жеке қаржыландыру жоспарларының анықтығы, ресімделуінің дұрыстығы және мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға уақтылы ұсынылуы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістердің уақтылы енгізілуі;
бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) бюджет қаражатын қайта бөлудің негізділігі;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингтің уақтылы жүргізілмегені және оның нәтижелерінің тиісті мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынылмағаны және (немесе) жобаларды басқару кезінде оның нәтижелерінің пайдаланылмағаны;
осы Кодексте белгіленген жағдайларда бюджет қаражатын тиісті бюджетке қайтарудың уақтылы қамтамасыз етілмегені;
келесі қаржы жылында қаражатын пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілетін бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға негіз болатын ақпараттың анықтығы;
бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығы;
қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекеттік сыртқы қарыздың қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмегені не мемлекеттік сыртқы қарызды игеру мерзімінің ұзартылғаны;
мемлекеттік сыртқы қарыз бойынша қаражатты үнемдеу себебінен болған жағдайларды қоспағанда, қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекеттік сыртқы қарыздың толық және (немесе) ішінара күші жойылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Бюджет комиссиясының төрағасы комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бюджет комиссиясы осы Кодекстің 73-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде:
нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орталық мемлекеттік органның немесе әзірлеуші жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы қаржыландыру көздері көрсетілген қаржылық-экономикалық есеп-қисаптардың және негіздемелердің толықтығы мен анықтығы, тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қорытындысының болмауы үшін;
Республикалық немесе жергілікті бюджет комиссиясының хатшысы Республикалық немесе жергілікті бюджет комиссиясының қарауына жұмыс органының қаржыландыру көздері көрсетілген қаржылық-экономикалық есеп-қисаптары мен негіздемелері жоқ немесе тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қорытындысы жоқ қорытындылардың шығарылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы:
мемлекеттік органның даму жоспары мазмұнының анықтығы мен толықтығы;
республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жоспарланған мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізілуі;
мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
6. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі және тиісті жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы:
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының анықтығы мен толықтығы;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығы;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары борышы лимитінің сақталмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7. Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшылары:
квазимемлекеттік сектор субъектісінің даму жоспары немесе іс-шаралар жоспары мазмұнының толықтығы және оның уәкілетті органдарға уақтылы ұсынылуы;
ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың және техникалық-экономикалық және (немесе) қаржылық-экономикалық негіздемелердің негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау және оларды пайдалану кезінде:
орталық салалық мемлекеттік органның бірінші басшысы ағымдағы, оның ішінде күрделі шығындарды және дамуға арналған шығындарды қаржыландыру әдістемелерінің уақтылы әзірленуі, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде қабылданған көрсеткіштердің анықтығы мен негізділігі;
тиісті салалардың (аялардың) орталық және жергілікті уәкілетті органдарының басшылары және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері жалпы сипаттағы трансферттерді есептеуге ұсынылатын ақпараттың негізділігі, анықтығы;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпы сипаттағы трансферттердің жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға және тиісті мәслихаттың шешіміне сәйкес пайдаланылмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
9. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер бөлу және оларды пайдалану кезінде:
жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны;
нысаналы даму трансферттерін аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы тиісті жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені үшін;
мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы конкурстық рәсімдердің уақтылы өткізілмегені үшін;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі және жергілікті бюджеттік бағдар ламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы нысаналы трансферттердің бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес пайдаланылмағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық пайдалану кезінде қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептің ұсынылмағаны үшін;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы нәтижелерге қол жеткізбеуге алып келген, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің игерілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
10. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді немесе мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын алатын заңды тұлғалардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында, іс-шаралар жоспарларында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуі;
бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың негізділігі мен анықтығы, бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) толық және уақтылы ұсынылуы;
заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің пайдаланылуы туралы немесе мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есептердің негізділігі мен анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
11. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) және (немесе) оны басқару жөніндегі міндеттемелердің орындалмағаны немесе толық орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
12. Жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде тиісті қаржы жылына қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары:
бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына уақтылы мониторинг жүргізілмегені;
жобаларды басқару кезінде бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерінің пайдаланылмағаны;
бюджеттік даму бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені;