«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 7 ақпандағы № 38 бұйрығы

«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 7 ақпандағы № 38 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

3-тармақта:

11) тармақша алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді техникалық қарап-тексеру операторлары көлік саласындағы уәкілетті органға көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне екінші санаттағы рұқсат алған күннен бастап жүзеге асырады.»;

6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.