(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНА БІРЫҢҒАЙ СӘУЛЕТТІК КӨРІНІС БЕРУГЕ БА...

Семей қаласына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 - бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Семей қаласына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидасы бекітілсін.

2. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Н. Нурсагатов

 

 

Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің

2023 жылғы 3 наурыздағы

№ 172 қаулысымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.