«Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 168 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасында:
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Нормалар мен талаптар).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін уәкілетті орган және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.