«Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысы (2023.16.01. берілген өзгерістермен)

Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысы

(2023.16.01. берілген өзгерістермен)

 

Сот практикасында туындаған мәселелерге, заңнаманың өзгеруіне байланысты және заң нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2022.22.12. № 10 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.

Айыптау актісінде және сот үкімінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын сипаттау кезінде жасалған іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтарын ескере отырып, алаяқтық жасалған тәсіл нақтылануы тиіс.

2. Алдау бөтен мүлікті жымқыру немесе бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында алаяқтық жасау тәсілі болып табылады. Алдау меншік иесінде немесе өзге адамда мүліктің кінәлі адамға және (немесе) басқа адамдарға берілуінің заңға сәйкестігі туралы қате түсінік туындататын кінәлінің меншік иесіне немесе мүліктің өзге иесіне шындыққа жанаспайтын көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаудан не меншік иесіне не мүлік иесіне хабарлануға тиіс шынайы фактілерді жасырудан құрылуы мүмкін.

Алдау нәтижесінде жаңылыстырылған меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі өзінің мүддесі үшін жасаған әрекетттерінің негізділігіне сенімді бола отырып, кінәлі адамға мүлкін өз еркімен береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.