«Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығы (2023.01.01. берілген өзгерістермен)

Тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығы

(2023.01.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.22.06. № 48 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.22.06. № 48 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.22.06. № 48 бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. «Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.