«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 485 бұйрығы

 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 485 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бала бір секцияға (үйірмеге) қатысады бос орындар болса немесе кезек болмаған жағдайда, қосымша басқа секцияға немесе үйірмеге қатыса алады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері (бұдан әрі – білім беруді басқару органдары) жүзеге асырады.»;

12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізуді білім беруді басқару органдары Конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасы негізінде жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.