Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 249 қаулысымен
бекітілген
Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық
танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен наградтау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Елбасы медалі» - осы Қағидаларда көзделген талаптарды табысты орындағаны үшін жеңімпаздарға патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.