Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешімі
(2014.18.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/5-V «Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-184 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 10 мамырдағы № 19 «Өскемен» және «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 9/3-V «Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2660 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 39 «Өскемен» және «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешімі;