(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МӘ...

Предыдущая страница

 

172-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 172-1-баппен толықтырылды

172-1-бап. Республикалық палатадан шығару

Жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан шығаруды Республикалық палата басқармасы мынадай:

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не одан айырылған;

2) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын өрескел не бірнеше рет бұзған;

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жеке сот орындаушысы жүктілігіне және босануға байланысты не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде мүшелік жарналарды төлеуден босатылған, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті бір айдан астам жүзеге асырмаған жағдайларды қоспағанда, міндетті мүшелік жарналарды үнемі төлемеген;

4) ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысқан;

5) өз еркі бойынша;

6) Республикалық палата жарғысында көзделген өзге де жағдайларда жүргізеді.

 

 

17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 174-бап жаңа редакцияда

174-бап. Өтпелі ережелер

1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.

2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Осы Заңның 138-бабының 3-тармағы жаңадан келіп түскен атқарушылық құжаттарға қатысты қолданылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша осы Заңның талаптарына сәйкес оларды толық орындау және аяқтау жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.

 

175-бап. Қорытынды ережелер

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н.НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы сәуірдің 2-і.

№ 261-IV