«Mamyt Geo Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 67 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Mamyt Geo Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы, Жамбыл ауылдық округінде орналасқан 3683-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 440 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылдың 04 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.