«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 129-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларында:
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару - архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және оларды цифрлық архивке енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасы (бұдан әрі - міндетті дана) - кино-, фото-, фоно- және бейнеқұжаттардың әр түрінің, өндірушісі мемлекеттік архивтерге өтеусіз беруге тиісті данасы;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: