Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес I, II және III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу өтінімінің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу өтінімінің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес I, II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта рәсімдеу өтінімінің нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес I, II және III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкісінің нысандары;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкісінің нысандары;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін құжаттар нысанын толтыру қағидаралы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;