«Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 746 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Мақта талшығының мәміле бағасы қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасынан 10 пайыздан артық ауытқымауы тиіс.