«2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2402 Қаулысы (күші жойылды)

2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2402 Қаулысы

 

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 158-1754 Қаулысымен күші жойылды

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген 2001 жылғы 19 маусымдағы № 9243) сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін ұлғайту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 жылғы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi (бұдан әрі - Тізбе), қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi бекітілсін.

Тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.

2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты:

өтініш берген жұмыс орындары қажеттілігі санында - 2700 адамға;

бекітілген жұмыс орындары қажеттілігі санында - 1293 адамға белгілесін.

3. Басқарманың басшысы Ермек Сабырбекұлы Оспановқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткенен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүргізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.