(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАДАҒЫ СОТТЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕС...

Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығы

(2022.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 37 маусымдағы Заңының 37-бабы 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Бас Прокурорының 2022.16.09. № 185 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 23 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауы жөніндегі есеп» № 2 нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау жөніндегі есеп» № 7 нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау жөніндегі есеп» № 7-К нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау жөніндегі есеп» № 8-К нысаны;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот қараған азаматтық іске (арыз) 1-электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы сот қараған азаматтық іске 2-электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы сот қараған азаматтық іске 3-электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерін қалыптастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.