Оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіз) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 639 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 695 бұйрығымен күші жойылды
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 15-бабы 14-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандары бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 203 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9485 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 155 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10689 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-бабының 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;