Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы хаттама (карта 1:200 000) (Бішкек қ., 2019 жылғы 20 мамырда) (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі

арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы

ХАТТАМА

(карта 1:200 000)

(Бішкек қ., 2019 жылғы 20 мамырда)

 

ҚР 2023 жылғы 27 ақпандағы № 203-VII Заңымен ратификацияланды

2023 жылғы 13 наурызда күшіне енді

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің 2-бабына сәйкес шекара өкілдері қызметінің мынадай мемлекеттік шекара учаскелерін айқындауға келісті:

Қазақстан Республикасының тарапынан:

Алматы учаскесі бойынша - 6995 белгіден (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) № 36 шекара белгісіне (Қастек белесі) дейін;

Қордай учаскесі бойынша - № 36 шекара белгісінен (Қастек белесі) № 158 шекара белгісіне дейін;

Тараз учаскесі бойынша - № 158 шекара белгісінен 4131 белгісіне дейін (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі);

Қырғыз Республикасының тарапынан:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.