«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 1-қосымша) (2016.27.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды

 

«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.27.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер (бұдан әрі - ДК) ретінде тіркеу есебіне қою - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту - құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.