«Салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 552 бұйрығы

Салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 552 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Салық төлеушіге - заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кəсіпкерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаға қойылатын салықтық берешектің шекті мөлшері айқындалсын, мына мөлшерден асқан кезде:

1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшерде:

Салық кодексінің 86-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату;

Салық кодексінің 185-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу;

2) айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерде:

Салық кодексінің 87-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегінің сомасы шегінде мүлікке билік етуін шектеу;

Салық кодексінің 186-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторлар шотынан салықтық берешегін өндіріп алу;

Салық кодексінің 187-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салықтық берешегін өндіріп алу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.