«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 232 қаулысына 1-қосымша) (күші жойылды)

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 352 Қаулысымен күші жойылды

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2018 жылғы 24 мамырдағы

№ 232 қаулысына

1-қосымша

 

 

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе қаласы мен аудандарының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы анықтама немесе Стандарттың 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.