«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2021 жылға мынадай:
1) кірістер - 11 276 999 610 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер бойынша - 6 635 629 335 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 286 359 317 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 4 351 425 304 мың теңге;
2) шығындар - 13 756 154 377 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 107 870 996 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 276 469 394 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 16 258 898 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 16 258 898 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 603 284 661 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 3,4 пайыз;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -6 963 843 861 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 9,1 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 603 284 661 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;