Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 13 маусымдағы № 309 бұйрығы
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 6 мамырдағы № № 01/1 және 2025 жылғы 30 мамырдағы № 01/2 хаттамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024 - 2025, 2025 - 2026, 2026 - 2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Білім беру саласының коды және сыныптамасы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы/ жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) / 1 студентті оқытуға жұмсалатын 1 (бір) кредиттің шығыстары (теңге) | |
| ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 13 226 | 1 139,2/18 986 | 1 008,1/16 801 |
| 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 1 915 | 1 209,3/20 155 | 1 055,9/17 598 |
| 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 1 485 | 905,8/15 096 | 803,9/13 398 |
| 6B04 Бизнес, басқару және құқық | 1 423 | 905,8/15 096 | 803,9/13 398 |