«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 156 бұйрығы

 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 156 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

1-тармақ орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ақпараттық парақ - таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын парақ;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) базалық ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиясы - ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанынан құрылған комиссия;»;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) тестілеу администраторы - Ұлттық тестілеу орталығы айқындайтын ҰБТ өткізу пунктінде ҰБТ-дағы тәртіп сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын жауапты тұлға;»;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) ҰБТ өткізу пункті (бұдан әрі - ҰБТӨП) - тестілеуді өткізу үшін Ұлттық тестілеу орталығының жанынан құрылған аймақтық тестілеу орталығы;»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.