Осы редакция 2019 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына
3-қосымша
Теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы (бұдан әрі - Заң), «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі және «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді, теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау тәртібін айқындайды, олар мыналарды қамтиды:
1) жолаушылар поездарының пошта вагондарында пошта жөнелтілімдерін тасымалдау;
2) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін есептесу;
3) поштаны тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеу.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жолаушылар поездың қалыптастыру пункті - осы поезға қызмет көрсететін поезд бригадасы, поезд құрамы және (поезд бастығы, поезд электрмеханигі және вагондар жолсеріктері) қалыптастырылатын жол жүру маршрутына жолаушылар поездың жөнелту станциясы;
2) жолаушылар поездының айналым пункті - жолаушы поездының жол жүру маршрутындағы межелі станциясы;
3) пошта вагоны - пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға және арнайы жабдықталған үшін вагон;
4) тасымалдау маршруты - тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы және соңғы пункттердің арасындағы пошта жөнелтілімдерінің тасымалын жүзеге асыратын теміржол көлігі құралдарының жүру жолы;
3. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау барлық теміржол қатынастары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Тасымалдауға, оларда қауіпті салымдардың (заттардың) болмау мәніне тексеруден өткен пошта жөнелтілімдеріне жол беріледі.
2. Теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау тәртібі
5. Пошта жөнелтілімдерін пошта операторының және/немесе арнайы байланыс қызметінің уәкілетті қызметкерлері сүйемелдейді.