«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 14) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 38-НҚ нормативтік қаулысы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 14) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 38-НҚ нормативтік қаулысы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

өтініш субъектісі Е.С. Есенеевтің,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі - Төрағаның орынбасары С.С. Мүксімовтің,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - Заңнама департаментінің директоры Ш.Ж. Манкешовтің,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі - Заң департаментінің бастығы Қ.С. Дүйсембековтің,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі И. Момбаевтың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның қатысуымен,

өзінің ашық отырысында Е.С. Есенеевтің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет туралы заң) 16-бабы 3-тармағы 14) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы А.Қ. Ескендіровті және отырысқа қатысушыларды тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

анықтады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.