2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 131 048 946 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 42 868 837 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 515 063 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 87 665 046 мың теңге;
2) шығындар - 130 395 241 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 999 598 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 7 213 816 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 214 218 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -4 345 893 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 345 893 мың теңге:
қарыздар түсімі - 6 713 816 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 367 923 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) Корпоративтік табыс салығы бойынша:
Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларына және Жанаарқа, Ұлытау аудандарына - 100 пайыздан;
2) жеке табыс салығы бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын:
Жезқазған қаласына - 35 пайыздан, Қаражал қаласына, Жанаарқа, Ұлытау аудандарына - 80 пайыздан, Сәтбаев қаласына - 75 пайыздан;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын:
Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларына, Жанаарқа, Ұлытау аудандарына - 100 пайыздан;